Жол қауіпсіздігі – болашағымыздың қауіпсіздігі

19 мая 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жол қауіпсіздігі  – болашағымыздың қауіпсіздігі - 822678693

Жыл басынан көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік күшейтілді.

Атап айтқанда жол көлік оқиғаларын ескеру мен алдын алу мақсатында мемлекетпен тиісті шаралар қолданылып, ҚК-ң 346-бабына енгізілген өзгертулерге  сай, масаң күйдегі (алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық) көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзім аралығында бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан шектеу жазасы көзделген.

Мәселен бұрын сотты болған Орал қаласының тұрғыны сот актісімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, алкогольдік масаң күйде (орта дәрежелі), Орал қаласы, Мұнайшылар көшесінің бойында көлік құралын басқарып ҚК-ң 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап, оны Орал қалалық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қауіпсіздік жағдайы орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ағымдағы жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін Орал қалалық сотының үкімімен 23 тұлға ҚК-ң 346-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға аталған бап шеңберінде әр түрлі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

ҚК-ке енгізілген өзгерістерге мән-бермей, кейбір тұлғалардың қасақана қылмысқа барып, автокөлікті масаң күйде басқарып, тек қоғамға ғана қауіп төндірмей, өзінің жеке өміріне де немқұрайлы қарауы бізді қатты алаңдатады.

Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Орал қалалық прокуратурасы - масаң күйде автокөлік жүргізуден бас тартуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына алдымен өзінің және отбасының қауіпсіздігін әрқашан есте сақтауға шақырады.