Болашақ заңгерлер ҚҚО-да болды

12 февраля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Болашақ заңгерлер ҚҚО-да болды - 339885807

  2020 жылғы 12 ақпанда Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетінің студенттерімен кездесу өтті.

   Болашақ заңгерлер Орталықтың жұмысымен және прокуратураның, полицияның, пробацияның, ҚСжАЕКБ қызметкерлерімен, медиаторлармен, заңгерлермен және сот орындаушылармен танысты.

  Орталықтың басшысы Талғат Жылқыбаев қонақтарға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның негізгі талаптарын, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдаудың ерекшеліктерін түсіндірді.

  Басқарма прокуроры Нұрсұлтан Джурабеков «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алудағы Бас прокуратураның цифрлық жобаларының орны туралы» дәрісті слайд көрсету арқылы оқып берді.

  Кездесу соңында БҚИТУ студенттері Орталықтың қызметкерлеріне жылы қабылдап, проблемалық сұрақтар мен құқықтық шиеленістерді шешу туралы қызықты тренинг өткізгені үшін алғыстарын жеткізді.

  Талғат Жылқыбаев алдағы кездесулер жайлы сөз қозғап, тәжірибе өтуге прокуратура органдарын таңдауды ұсынды.

Болашақ заңгерлер ҚҚО-да болды - 673751735
Болашақ заңгерлер ҚҚО-да болды - 1477777818