Алимент төлеуден қашпа, жауаптылық бар!

06 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент төлеуден қашпа, жауаптылық бар! - 1477827218

Атқару өндірісінде - кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерін орындау өзекті мәселе.

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау жарияланды.

 Бала тәрбиесі - тек біржақты ғана міндет емес, ата-ананың екеуінің де басты міндеттері.  

 «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулер мен тыйымдар,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық кодекстерімен қарастырылған жауапкершіліктерге қарамастан өзгенің тәрбиесінде қалған балаларына қарайласпай, қалын сұрамайтындар азаймай отыр.

Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы бойынша алимент өндіру туралы  584 өндіріс бар, оның 484-і мерзімдік орындауда, ал қалғандары - балаларының тағдырына жауапсыз қарағандардың саны. Бұл балалардың құқығы тапталып, олардың шарасыз күйде екендігін көрсетеді. 

Жұмыспен қамту орталығымен борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында әрдайым бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. 

2019 жылы бірлесіп өткізілген жәрмеңкелер нәтижесінде 34 борышкер тұрақты жұмысқа орналасты, а.ж. 16 борышкер жұмысқа орналасып, ең алдымен баласына тиісті алимент төлеп, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартты.

Ал кейбір жауапсыз «әкелер» тиісті жауапкершілікке тартылуда.

Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен жауапкершілік қарастырылған. Ағымдағы жылы 4 тұлға аталған баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2019 жылы 10 тұлға жауаптылыққа тартылды).

Мысалы, «А» есімді азамат өзінің баласын күтіп-бағуына алимент  төлемегені үшін сот қаулысымен 1 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан басқа баласына тиісті алимент төлеуден қасақана жалтарып жүргендерге Қылмыстық кодекстің 139 бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген.

Жыл басынан бері 1 азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, 17.04.2020 жылғы сот қаулысына сәйкес 3 баласы бар, алимент бойынша борыш соммасы 2 млн. теңгеден астам болатын «С» есімді борышкер алимент төлемегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 300 сағатқа қоғамдық жұмыс жасау жазасына тартылды. Сот қаулысы заң күшіне енген жоқ.

Бөрлі ауданы прокуратурасы алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген борышкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабына сәйкес 5 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке қамаққа алу көзделсе, Қылмыстық кодекстің 139- бабына сәйкес 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғандығын ескертеді.

Аудандық қадағалау органы алимент өндіру, балалардың құқығын қорғау мәселесіне айрықша мән береді.

Балалардың өмірінің барлық саласын олардың құқықтары мен мүдделерін сақталуын басты қағида ретінде ала отырып, оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін борышкерлердің тарапынан тиісті шаралардың қабылдануын қатаң қадағалайды. 

Аудан прокуратурасы өз еркімен өзінің баласына алиментті уақытылы төлей отырып, қамқор әке болуға шақырады.