Жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы мен мемлекет мүддесінің қорғалуы туралы пресс-релиз

05 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 3 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын, тергеуге дейінгі тексерістерді жүргізу мен жол-көлік оқиғаларының фактілері бойынша  қылмыстық істерді  тергеу   кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру қорытындылары, мемлекет мүддесін қозғайтын азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалау  жағдайының мәселелері қаралды, 2012 жылы және 2013 жылдың 1-ші жарты жылдығында кінәлі тұлғаларға қойылған регрессивті талаптарды беру тәжірибесіне баса назар аударылды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары, қала әкімі, сондай-ақ құқық қорғау және уәкілетті  мемлекеттік органдардың басшылары  қатысты.

Статистика  жол-көлік  оқиғаларының жыл сайынғы (бұдан әрі -ЖКО) өсімін көрсетіп отыр. 

Егер 2011 жылы  облыс аумаңында 302 ЖКО тіркелген болса, 2012 жылы  ЖКО  саны 65,2% -ға артты және 499 ЖКО құрады.

Сондай-ақ, апатты жағдайлардың нәтижесінде қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны артты:  2012 жылы  95 адам қайтыс болды (80, 18,8%), жарақат алғаны – 612 (317, 93,1%).

2013 жылдың 5 айында  182 ЖКО  болды (2012 жылдың 5 айында - 126, 44,4%), оның ішінде қайтыс болғандары – 30 (23, 30,4%), жарақат алғаны– 245 (147, 66,7%).

Бүгінгі таңда өткен ғасырдың  60-70 жылдары жобаланған жол инфрақұрылымы  автокөліктің  қауіпсіз және үздіксіз  қозғалысын  қамтамасыз етпейді.

Мысалы, 60-шы жылдары салынған  «Орал-Тасқала» автожолының учаскесі  көліктің екі жолақты  қозғалысын ғана қамтамасыз етеді және құрылыс нормалары бойынша  тәулігіне  1 мың бірлік көліктің қарқындылығына есептелген,  қазіргі таңда орташа тәуліктік  қарқындылық  көлік құралдарының 3 мың бірлікке жуық санын құрайды.

Соған сәйкес, «Орал-Атырау» трассасында тәулігіне 1 мың көлік нормасында жол қозғалысының орташа тәуліктік қарқындылығы 8500-ға жуық  көлік құралын құрайды.

Тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде заңнама  талаптарын жолаушылар автобустары жүргізушілерінің сақтауына жеке назар аударылады.

Оның ішінде 2012 жылы  жолаушылар тасымалдауын  жүзеге асыратын  көлік  құралдарының қатысуымен  23 (12) ЖКО жасалды, қайтыс болғаны – 7 (3), жарақат алғаны – 34 (10).

Прокуратура қызметкерлерімен жүргізілген  тексерістермен жалпы пайдаланылатын  көлік  құралдарын пайдалануда бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысымен бекітілген міндетті медициналық тексеруден өткізу  Ережелеріне  сәйкес жүргізушілерді куәландыру  жұмыс ауысымы басталмастан 30 минут бұрын жүзеге асырылады.

Сонымен қатар,  Орал-Жәнібек-Орал 137 маршруты  бойынша жолаушылар  мен жүкті тасымалдайтын «Қазақстан Елім» автобусының жүргізушісі ағымдағы жылдың  мамыр айынан бастап медициналық тексерістен өтпей келеді.

Техникалық регламенттер талаптарына жауап бермейтін  жолаушылар  тасымалын  жүзеге асырып жүрген  көлікті пайдалану фактілері  анықталды.

Тексеріспен «№1 ЖАП» ЖШС, «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС, «Дилижанс Авто» ЖШС, «Пассажир Авто» ЖШС, «УралТехсервис» ЖШС, «Орал Автотранс» ЖШС «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңы талаптарының бұзылғандығы, соның ішінде көліктің техникалық жағдайының, көлік құралдары жүргізушілерінің уақытылы техникалық және медициналық тексерістен өтуінің, еңбек және демалыс тәртібінің бақыланбайтындығы анықталды. 

Тексеріс қорытындылары бойынша көрсетілген ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс негізінде облыс прокуратурасымен  378 заң бұзушылық  анықталды,  уәкілетті лауазымдық тұлғаларға 18 ұсыныс енгізілді,        1  ескерту берілді, 350 000 мың теңгеден астам сомаға 52 тұлға әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.

Облыс соттарымен шешімдер шығару арқылы 2012 жылы қарастырылатын санаттағы  1102  іс, оның ішінде талаптарды қанағаттандыру арқылы 956 іс қаралды, 2013 жылдың 1-ші жарты жылдығында 599 іс, оның ішінде талаптарды қанағаттандыру арқылы 434 іс қаралды.

Қарау қорытындылары бойынша мемлекет пайдасына облыс соттарымен 2012 жылы  13 млрд. теңгеге жуық, ағымдағы жылдың  1-ші жарты жылдығында 9 млрд. теңгеге жуық сома өндірілді.

Өз өкілеттіліктерін пайдалана отырып, прокурорлармен мемлекеттік бюджетті толықтыру бойынша айтарлықтай  талап қою жұмыстары жүргізілуде, талап арыздар бойынша  77 талап қанағаттандырылды.

Мемлекет мүддесін қозғайтын даулардың туындауының негізгі себептері келісім-шартық міндеттемелерді орындамау, заңмен белгіленген бюджетке міндетті  төлемдерді уақытылы  төлемеу, қоршаған ортаға залал келтіру, кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ  мемлекеттік мекемелердің қызметін тоқтата тұрумен байланысты мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындарға мүліктік және мүліктік емес  сипатта  залал келтіру болып табылады.

Сомаларды мемлекет пайдасына өндіру туралы талаптармен қатар бірқатар лауазымдық  тұлғалардың әрекеттерімен жеке тұлғалардың мүдделеріне келтірілген шығынның орнын толтыру және бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдардан қарыз сомаларын өндіру туралы даулар орын алды.  

Талапкерлердің пайдасына келісім-шарттар бойынша қарыз сомаларынан  басқа келісімдер жасау кезінде  тараптармен қарастырылған міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (өсімақы, айыппұлдық санкциялар) де өндіріледі. 

Нәтижесінде бір жыл жарым мерзімнің  ішінде қанағаттандырылған талаптар бойынша  мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан 7,9 млн.теңге сомасында қарастырылмаған шығындар өндірілді. 

Сот тәжірибесі  қаржылық тәртіптің, келісім-шарттық міндеттемелердің сақталмауы бойынша  жеке мемлекеттік органдардың қызметінде өрескел бқзушылықтардың бар екендігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде негізгі қарыз  сомасын өндіріп алудан басқа мемлекеттік бюджетте сот шығындары және тұрақсыздық төлемдерімен байланысты  қосымша шығындар болуы мүмкін. 

Облыс прокуратурасының кеңейтілген  алқа отырысының қорытындысымен қарастырылған мәселелер бойынша прокурорлық қадағалау тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар жасақталды, сондай-ақ барлық қала, аудандар прокурорларына және уәкілетті органдарға  мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алу туралы регрессті талаптарды беру бойынша жедел шараларды алу ұсынылды.