Жайықта бекірені заңсыз аулаған адамдар сотталды

29 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жайықта бекірені заңсыз аулаған адамдар сотталды - 1087214079

   Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы прокуратурасы балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде заңдылықтың сақталуына қажетті қадағалауды қамтамасыз етті.

   Осы жылы аумақтық инспекция және полиция қызметкерлерімен Жайық өзенінде заңсыз түрде жалпы салмағы 20,4 кг. болатын 25 дана бекіре аулаған 12 тұлға ұсталды.

  Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе, Шабдаржап ауылдарының аталған тұрғындары ау құралдарын пайдаланып, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 39-бабының өзендерде бекіре балықтарды аулауға тыйым салу туралы талаптарын бұзған.

   Ақжайық аудандық сотының үкімдерімен кінәлі тұлғалар балық ресурстарын заңсыз алғаны үшін ҚК-тің  335-бабының 3,4-бөліктерімен айыпты деп танылып, оларға 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, шартты түрдегі жаза және 200 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды.

   Сотталғандардан барлығы 10,9 млн. теңге материалдық шығын өндіріліп, алынған балықтар мен транспорттық құралдар мемлекет пайдасына тәркіленді, ал қылмыс құралы ретінде ау, шана, күрек және тағы басқалары жойылды.

   Сот актілері заңды күшіне енді.

 Прокуратура заңсыз бекіре балықтарын аулағаны үшін Қылмыстық кодекстің 335-бабымен қылмыстық жауапкершілік және айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамау, бас бостандығын шектеу және айыру жазалары көрсетілгендігін ескертеді.

 

Жайықта бекірені заңсыз аулаған адамдар сотталды - 233792080

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу