Жауапкершілікке тартылды

23 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жауапкершілікке тартылды - 1985861763

  БҚО Теректі ауданының прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында жер комиссиясымен заңсыз шешім қабылдау фактілері анықталды.

  Атап айтқанда, комиссия мүшелері тиісті кворумсыз формалды хаттамалық шешімдер шығарған.

  Комиссия отырысын заңды деп тану үшін кворумның болуы қабылданған шешімнің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

  Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына және 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 «Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің» 16-тармағына сәйкес комиссия отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.

  Алайда 2019 жылғы 23 шілдедегі және 1 тамыздағы жер комиссиясының отырыстарына 9 мүшенің тек 4-і ғана қатысқан.

  Комиссияның төрағасы мен орынбасары өтініш берушілердің құжаттарын толық қарамай, жер телімдердің нысаналы мақсатын беру немесе өзгерту туралы шешім қабылдаған.

  Осылайша лауазымды тұлғалар заңнаманың талаптарын біле тұра, олардың салғырт карауы салдарынан, кворумды сақтамай, заңсыз шешімдердің кабылдануына жол берген.

  Аудан прокурорының қадағалау актісімен заңсыз шешімдердің күші жойылып, аудан әкімінің орынбасары Е. Досмаков және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Т. Нургалиев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.