Заңсыз ойынға тыйым салынды

13 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңсыз ойынға тыйым салынды - 407669547

  БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталып, ол экономикалық тергеу департаментімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен расталды.

  Аудан прокуроры Арман Кабанов қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау жасап, ал сотта мемлекеттік айыптауды аға прокурор Жұмабай Ермеков қолдады.

  «Ойын бизнесі туралы» Заңының 8-бабымен ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға уәкілетті органмен лицензия берілетіні көрсетілген.

  Алайда, азамат Д. 2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың наурызы аралығында Жаңақала ауылындағы «Бозбаев» кафесінде заңсыз ойын бизнесін (кено, колесо фортуны, тотализатор және т.б.) ұйымдастырып, 4,9 млн. теңге табыс тапқан.

  Сондай-ақ бұл іске өзі басшылық жасайтын «Букмекерская контора «Inbet.kz» ЖШС-нің арнайы құрал-жабдықтары, компьютерлік техникаларын және мамандарын пайдаланған.

  2019 жылғы 13 желтоқсандағы Жаңақала аудандық сотының үкімімен Д. Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігінің 3, 4-тармақтарымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, оған 1 010 000 теңге айыппұл салынды және мүлкі тәркіленді.

  Сот үкімі заңды күшіне енді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу