Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы - 126461871

  БҚО прокуратурасында кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың тиімділігі және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға қарсы басқа да ауыр қылмыстар, әсіресе балаларға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жазаны шұғыл күшейтуді тапсырды.

  Президент баланың құқықтарын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері басым болуы тиіс екендігін көрсетіп, зорлық-зомбылықтан жапа шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғау бойынша тұтастай бағдарлама дайындауды тапсырды.

  Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Онымен барлық елдер күресуде. Мұндай фактілер Батыс Қазақстан облысы бойынша да орын алуда.

  Отырыста осы санаттағы қылмыстарды анықтау мен олардың алдын алу бойынша полиция, білім беру, денсаулық сақтау органдарының бірлескен жұмыстарының проблемалы мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

  Облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев кеңесті қорытындылай келе уәкілетті органдар алдында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың өсуін болдырмау мақсатында алдын алу іс-шараларын күшейтуге бағытталған нақты міндеттерді анықтады.

Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы - 1789057229

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу