Төтенше жағдай режимін бұзған

08 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Төтенше жағдай режимін бұзған - 1976714801

Сырым ауданының сотында мобильді бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармақшасы бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу) 4 әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2020 жылдың 26 наурызында «коронавируске» қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі комиссияның рейд барысында Жымпиты кентінде орналасқан дүкендердің иелері болып табылатын жеке кәсіпкерлердің төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген регламент нормаларын бұзу фактілері анықталды.

Сот отырысында аталған тұлғалар кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, соттың қаулысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.