Талдау мемсатып алудағы бұзушылықты көрсетті

11 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Талдау мемсатып алудағы бұзушылықты көрсетті - 1636447697

  БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасының жүргізген талдауы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылық фактісін анықтады.

  Яғни, 2019 жылғы 3 шілдеде білім бөлімі салмағы 1 мың литр ақ, еден және көк түсті бояу сырды 718 мың теңгеге сатып алу туралы бірнеше шарт жасаған.

  Бұл болса «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-бөлімі 42-тармағына қайшы, өйткені біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен асса, бір көзден сатып алу қолданылмайды.

  Осылайша, білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Е. Рабаева жеке кәсіпкер Б. құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру қағидатын бұзған.

  Қадағалау актісі енгізіліп, мәселе әкім жанындағы тәртіптік комиссияда қаралып, бұзушылыққа жол берген білім беру бөлімінің бас маманы Е. Рабаева 2020 жылғы 17 қаңтардағы бұйрықпен «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.