Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде лауазымынан босатылды

23 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Таскала аудандық сотының 06.11.2012 жылғы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-ң 69-б., 5-б. негізінде А.С.Джулдыгалиеваға қатысты әкімшілік іс қысқартылған, яғни құқық бұзушы ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылған.

Сот отырысында анықталғандай, 16.07.2012 жылы А.С.Джулдыгалиева «Toyota RAV-4» маркалы актокөлігін басқара отырып, Орал-Озинки автожолымен келе жатқан бағытында көлік құралын басқара алмай, оның аударылуына жол берген.

26.07.2012 жылы Тасқала АІІБ ЖПБ қызметкері С.Есенгалиевпен ҚР ҚІЖК-ң 37-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған, алайда, әкімшілік өндіріс материалы Тасқала аудандық сотына тек 31.10.2012 жылы, яғни қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң  жолданған.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Тасқала АІІБ ЖПБ қызметкері С.Есенгалиевпен тек 30.10.2012 жылы толтырылған.

Осылайша, Тасқала АІІБ ЖПБ қызметкері С.Есенгалиевтің заңсыз әрекеттері А.С.Джулдыгалиеваның кінәсінің болуына қарамастан, оны әкімшілік жауапкершіліктен әкетуге әкеп соққан.

Тасқала АІІБ ЖПБ қызметкері С.Есенгалиевке қатысты тәртіптік өндіріс қозғау туралы прокурордың қаулысын қараудың нәтижесінде БҚО ІІД бастығының 27.12.2012 жылғы №905 бұйрығымен аталған қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-б., 1-б., 4-т. сәйкес лауазымынан босатылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу