Студенттер Құқық қорғау қызметтері орталығында болды

29 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Студенттер Құқық қорғау қызметтері орталығында болды - 1189560504

  БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында Құрманғазы атындағы колледждің студенттерінің қатысуымен семинар өтті.

  Келген 30 студент Орталықтың жұмысымен және прокуратураның, полицияның, пробацияның, ҚСжАЕКБ қызметкерлерімен және медиаторлармен, адвокаттармен, сот орындаушылармен танысты.

  Облыс прокурорының көмекшісі Талғат Жылқыбаев қонақтарға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізгі талаптарын, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдаудың ерекшеліктері туралы түсіндірді.

  Семинардың қатысушыларына ҚСжАЕКБ қызметкері Самал Рүстемов «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасындағы Бас прокуратураның цифрлық жобаларының орны туралы» дәріс оқыды.

  Кездесу соңында студенттер Орталықтың қызметкерлерін жылы қабылдап, проблемалық сұрақтар мен құқықтық шиеленістерді шешу туралы қызықты тренинг өткізгені, сондай-ақ құқықтық салаға IT-технологияларын енгізу бастамалары үшін алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу