Прокурорлар оқушылармен кездесті

24 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар оқушылармен кездесті - 721872743

  БҚО Сырым ауданы прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тақырыбына Бұлдырты ауылы мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

  Іс-шараға аудан прокуратурасының прокуроры Э. Давлетова, теолог Р. Рамазан, округ әкімі Е. Макашев, білім бөлімінің бас маманы Д. Қажиахметов қатысты.

  Осы жылы аудан көлемінде кәмелет жасқа толмағанға қатысты 1 қылмыс (ҚК 105-бабы) тіркелгені және баланы тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша 7 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК 127-бабы) тартылғаны айтылды.

  Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігінің алдын алу мәселелері де қозғалды.

  Дәрістен кейін қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап берді.

  Аудан прокуроры Н. Байменовпен 2020 жылға құқық түсіндіру жұмыстарының жоспары бекітіліп, оған 12 ауылдық округтердегі мектептер енгізілді.

Прокурорлар оқушылармен кездесті - 1166897297