Орал қаласының прокуроры тағайындалды

05 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Орал қаласының прокуроры тағайындалды - 2007320697

  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры болып Мейірбек Сағындықұлы Тілеулиев тағайындалды.

  Мейірбек Тілеулиев 1981 жылы Орал қаласында дүниеге келген.

  Прокуратура органдарында үздіксіз 15 жылдан астам қызмет атқарып келеді.

  2004-2007 жылдары Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі болған.

 2007-2009 жылдары арасында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры болған.

  2009-2018 жылдары Бас прокуратураның тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаментінде басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы және Бас Прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған.

  2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болып қызмет жасады.

  Ведомстволық медальдармен марапатталған.

  Жанұялы, төрт бала тәрбиелеуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу