Орал қаласындағы түзеу колониясындағы топтасып өзіне зақым келтірушілік фактісі бойынша пресс-релиз

23 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 22 тамызында БҚО прокуратурасында Орал колониясында топтасып өзіне зақым келтірушілік  фактісі бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Облыс прокурорының орынбасары мекемеде қалыптасқан жағдайдың себептері туралы баяндады.

2013 жылдың 19 тамызында РУ-170/2 мекемесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық түзеу жүйесі Департаментінің  5517 әскери бөлімімен бірлескен жоспарлы тексеру режимдік шаралары жүргізілді.

Тексеру кезінде жабық мекемеде жазасын өтеушілер ұстауға, қолдануға болмайтын сырт киім, тұрмыста қолданылатын бұйымдар, ұялы телефондар, сұғу-кесу құралдары сияқты көп мөлшердегі заттар табылып, тартылып алынды.

Тексеру кезінде облыстық әскери прокуратураның, ҰҚК, ІІБ, облыстық қылмыстық түзеу жүйесі Департаменті мен  5517 әскери бөлімнің қызметкерлері, «Батыс» аймақтық қолбасшысының бірінші орынбасары қатысты.

2013 жылдың 20 тамызында РУ-170/2 мекемесінде таңғы тамаққа сапқа тұру кезінде ұстау режиміне қарсылық көрсетіп, күнделікті тәртіпке бой ұсынбаған 62 жазасын өтеуші (оның ішінде 57 тұрғын бөлмеде, 4 қатаң ұстау шараларында, 1 айып оқшаулағышында) өз денесіне өзі түрлі дәрежедегі  жарақат салған.

Жазасын өтеушілер тілу ретінде екі қолының қарына, ішіне, мойнына әйнектің, кафельдің сынықтарымен, сондай-ақ шегемен жарақат салған.

Зардап шеккендердің бәріне де медициналық көмек көрсетілді, соның ішінде 11 адам облыстық клиникалық ауруханаға күзетпен жеткізіліп, тиісті ем-домын алғаннан кейін түзету мекемесіне қайтарылды.

Қазіргі кезде сотталғандардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, госпитальдауға немесе жедел медициналық араласуға қажеттілік жоқ.

Жоғарыда аталған 62 адам сотталған негізгі топтан оқшауландырылған, жабық бөлмеде (айып оқшаулағышында және карантин бөлмесінде) медициналық персоналдардың бақылауында жатыр.

2013 жылғы 20 тамыздағы ІІД Зашаған ПБ тергеушісі Н.Тілекқабылұлының қосымша тергеу нәтижесімен сотталушы Қалиев Ерлан Тұяқбайұлының (1989 жылы туған, ҚР ҚК 178-бабының 2-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған, басталу мерзімі 22.04.11 ж. аяқталу мерзімі 21.04.16 ж.) және басқа да адамдардың үстінен ҚР ҚК 360-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

2013 жылдың 21 тамызында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық түзеу жүйесі Департаментінің  РУ-170/2 мекемесінде (Орал қаласы, жалпы режим) таңғы тамаққа арналған сапқа тұру кезінде 30 шақты сотталушы ұстау режимі мен орнатылған тәртіпке мойынұсынбау мақсатымен наразылық ретінде үш қабатты отрядтың ғимараттарының төбесіне шығып алып, 2013 жылдың 20 тамызында өз денелеріне жаппай зақым келтіруге қатысқандары үшін айып оқшаулағышына қамалған сотталғандарды босату жөнінде және режимдегі тәртіпті босаңсыту жөнінде талаптар қойған.

Жүргізілген келісімдердің нәтижесінде барлық сотталушылар төбеден түсіріліп, сол жерде Орал қаласының прокуроры мен адам құқықтары жөніндегі өкіл П.М.Кочетков сол жерде оларды қабылдады, облыс прокурорының атына арыз жолдады.

Жағдайды қалыпқа түсіру үшін облыс прокуроры, Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық түзеу жүйесі Департаменті, ІІД басшылығымен сотталғандардың тума-туысқандарымен кездестіруге шешім қабылданды, ата-аналар мен сотталғандардың жақын туыстары, құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері кірген жұмыс комиссиясы құрылды (барлығы 7 туысқан).

Аталған күні 150 адамдай сотталғандардың туыстары Волгоградская көшесін жауып тастамаққа әрекет жасады, ішкі істер күшімен бұл жағдай тыйылып тасталды.

Бүгінгі күні мекемедегі жағдай бақылауда, сотталғандар күнделікті тәртіппен жүріп жатыр, 10 жазасын өтеушіге туысқандарымен кездесуге рұқсат берілді.

Жеке БАҚ өкілдерімен колонияда 4 адамның қаза тапқандығы туралы дәйексіз ақпарат жария етілді. Аталған жағдайлар  сотталғандардың туысқандарының жаппай наразылығын туғызуға себепші болды. Қабылданған шаралармен дәйексіз ақпаратты  таратқан тұлғалар анықталды, олар  заңмен қарастырылған тәртіпте жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазіргі таңда  мекемеде  прокуратура қызметкерлерімен тәуліктік кезекшілік атқарылуда. Мекеме ішінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған. Бүгінгі таңда облыс прокурорының атына дене жарақатын салу фактісі бойынша 90 арыз-шағым  келіп түсті, олар бойынша әскери  полиция органдарымен тергеу алды тексерісі жүргізілуде.