Орал қ. прокуратурасының қызметкері шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды

13 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Орал қ. прокуратурасының қызметкері  шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды - 1481971133

   2019 жылғы 9 тамызда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

   «Қоныс» спорт сарайында батыс өңірінің прокуратураларының құрама командалары 23-24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық турнирге қатысу құқығын жеңіп алу үшін бақ сынасты.

   Нәтижесінде Маңғыстау облысының прокуратурасының құрамасы 1:0 есебімен Ақтөбе облысының командасын ұтып, жеңімпаз атанды.

   Дауыс беру нәтижесінде Аслан Досымбаев (Атырау) - «Үздік шабуылшы», Асылбек Иманғалиев (БҚО) - «Үздік қорғаушы» және Ержан Байгулов (Маңғыстау) - «Үздік қақпашы» болып танылды.

   Айтып өткен жөн, 2012 және 2016 жылдары БҚО прокуратурасының құрамасы шағын футболдан ведомстволық турнирді екі рет жеңіп алған болатын.

 

Орал қ. прокуратурасының қызметкері  шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды - 1356705349
Орал қ. прокуратурасының қызметкері  шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды - 1604629981

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу