Мемлекеттік сатып алуды өткізуде бұзушылықтар анықталды

09 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мемлекеттік сатып алуды өткізуде бұзушылықтар анықталды - 1952876607

  БҚО Бөкей ордасы ауданы прокуратурасымен талдау жүргізу барысында білім беру бөлімімен мемлекеттік сатып алудың талаптарының бұзу фактісі анықталды.

  Мысалға, 2019 жылдың ақпан айында А. жеке кәсіпкерімен Сайхин ауылында орналасқан жатақхана ғимаратына жөндеу жұмыстары (есіктерді, еденді ауыстыру, бөлмелерді қайта жоспарлау, кіреберіс бөлмені салу және басқа жұмыстар) жүргізілген.

  Ал, осы жұмысты сатып алу туралы шарт 2 ай өткеннен кейін ғана жасалып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының талаптары өрескел бұзылған.

  Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабында көзделген жатақхана ғимаратының жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттамасы жасалмаған.

  Прокуратураның ұсынуымен аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. С. шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету арқылы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасы).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу