Мекенжай анықтамасы талап етілмейді

28 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мекенжай анықтамасы талап етілмейді - 2058050041

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру – еліміздегі сұранысқа ие танымал мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын тұрғындардан құжаттарды, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамаларын сұратады.

Анықтаманы алу үшін жұмысқа орналасу кезінде, мектептерде, балабақшаларда, емханаларда, мемлекеттік органдар немесе жекемекемелерде және басқа да жағдайда тұрғындар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО-ға) барып, үнемі кезек күтуге мәжбүр болды.

Тиісті нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекенжай анықтамаларын беруді алып тастау туралы шешім қабылданды.

Енді қарашаның 1-нен бастап Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларын біріктіруге байланысты мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылады.

Яғни Сізден ешкімнің мекенжай анықтамасын сұрауға құқығы болмайды.

Атап айтқанда, мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың деректер базасында бар.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту, қағазбастылықты азайтуға және бір анықтаманы алу үшін бірнеше сағат кезекте тұратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО-ға) бару қажеттілігін азайту мақсатында қолға алынып отыр.

Сонымен бірге, азаматтардың өздері egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті немесе «электрондық үкіметтің» eGovmobile мобильді қосымшасы арқылы мекенжайы бойыншатіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады.

Қажетті мәліметтерді мекемелердің өздері ала алады. Яғни ұйымдар, соның ішінде жеке мекемелер, egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдаланаалады. Сервисті қарашаның 1-нен бастап іске қосу жоспарланып отыр. Аталған қызметті пайдалану кезінде сол азаматтан оның мекенжай анықтамасын алу үшін SMS арқылы рұқсат сұралады. Осыған байланысты сервистің қолжетімді болу үшін әр азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба алып, ұялы телефон номеріңізді мобильдік азаматтар базасына тіркету керек. Ол үшін бір мәрте халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлікпен барып көрсетілген әрекеттерді жасау қажет.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу