Құқық қорғау қызметтері орталығындағы акция

11 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметтері орталығындағы акция - 1172207677

  2020 жылғы 11 наурызда БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

  Азаматтарды Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен Орал қаласының прокуроры Мейірбек Тілеулиев қабылдады.

  Іс-шараның мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату, оларға құқықтық көмек көрсету және көкейкесті мәселелерді шешу болып табылады.

  Барлығы 41 адам жолығып, олар сотқа дейінгі тергеу (6), алиментті өндіру (4), абаттандыру (3), залалды өндіру (3), тұрғын-үй (8) және жер (7) заңнамалары және басқа да сұрақтармен (10) бойынша жүгінді.

   Осы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына 350 тұлға жолығып, құқықтық көмек алды.

   Орталықта азаматтар құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультативтік кеңесті тегін және жедел алып, прокуратураға немесе уәкілетті органға арызбен жүгіне алады, қажет болған жағдайда мамандар шағымды жазуға көмектеседі.

   Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында орналасқан, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

   Пошта 7112154@prokuror.kz, телефон 87112 510832.

Құқық қорғау қызметтері орталығындағы акция - 540590981