Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

05 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теректі аудандық прокуратурасымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға арналған заңнаманың қолданылуына ветеринарлық бақылау жөніндегі аумақтық инспекция қызметінде жүргізілген тексеріс қорытындылары бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16-бабы 6-1 тармағына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап  үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

Дегенмен, осы талаптарды бұза отырып, тексеріс жоспарына жоспарлы тексеруге жатқызылмайтын «Қайрат» (10.04.12 ж. бастап жұмыс жасайды), «Ақсай» (23.08.11 ж. бастап жұмыс жасайды), «Аман­кулова Ж.К.»  (28.05.12 ж. бастап жұмыс жасайды) және «Бақтыбай»  (03.12.11 ж. бастап жұмыс жасайды) шаруа қожалықтары енгізілген.

«Кайрат» ШҚ тексеру қорытындылары бойынша оның басшысы М.Сұлтановқа қатысты КҚ ӘҚБтК-нің 330-бабы 8-тармағымен 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

«Идашев» ШҚ қызметіне тексеріс жүргізілмеген, дегенмен қожалық мемлекеттік тіркеуден өткеннен бері 5 жыл өтіп кеткен (28.07.08 ж).

«Сенім» және «Нығмет» шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеуден 14.12.11 жылы және 21.11.12 жылы өткендеріне қарамастан олардың қызметіне толық түрде тексеріс жүргізілген.

Дәл осылайша заңсыз түрде «Тараз», «Дуана», «Ибрагим», «Расул», «Жәңгір», «Надежда», «Сокол», «Алға», «Сәуле» шаруа қожалықтарының қызметіне тексерістер жүргізілген және оларға заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар берілген.

Сонымен қатар, тексерістердің 1-ші жарты жылдыққа арналған  жоспарына 2012 жылы тексерілген «Жанар» ШҚ енгізілген.

Жоспарда 511 нөмірмен тұрған «Қайрат» ЖШС әділет органдарының анықтамасына сәйкес  «Заңды тұлғалар» мәліметтер базасында тіркелмеген.

Аудан прокуратурасының ұсынысымен ҚР АШМ облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 12.08.13 жылғы  №163 бұйрығымен аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Т.Кунакбаевқа және бас маман С.Абденовке «ескерту» жарияланды.