Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

12 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін - 765590491

  БҚО Тасқала ауданының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

  Кездесуге аудан прокуроры Мейрхан Изимов, полиция бөлімінің бастығы Нұркен Шамғалиев, пробация қызметінің инспекторы Серік Джумагазиев, жұмыспен қамту орталығының директоры Аэлита Абулхаирова және т.б. қатысты.

  Сотталғандарға пробация шеңберінде әлеуметке қосу, бейімдеу және оңалту шараларын, оның ішінде әлеуметтік-құқықтық көмекті, сондай-ақ медициналық қызметтерді алу және көрсету тәртібі түсіндірілді.   

  Аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасу, техникалық және кәсіби білім алу, қысқа мерзімді кәсіби оқу мүмкіндіктері жөнінде, өз қызметін бастап жатырған кәсіпкерлерді қолдау шаралары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі жеткізілді.

  2019 жылы үш сотталған тұлға «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша оқып, екеуі 1 млн. теңгеден астам сомаға грант алғандығы, 13 тұлға жұмыспен қамтылып, екеуі қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылғаны атап өтілді.

  Сондай-ақ, жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді төлеу және процестік шығындарды өтеу, сот үкімдерін орындау, жаза өтеуден шартты түрде босау ерекшеліктері айтылды.

  Есепте тұрғандар жұмысқа орналасу, өзінің бизнесін ашу, өнімдерін өткізуге ықпалдасу, тұрғын үймен қамтылу мәселелерін қозғады.

  Кездесу нәтижесінде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекті көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар белгіленді.