Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерін орындамағаны үшін сотталды

05 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  26.08.2013 жылғы үкімімен «Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернаты» ММ бұрынғы тәрбиешісі Н.С.Ихсанова ҚР ҚК-нің 137-бабына (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін  орындамауы) сәйкес үш жыл мерзiмге оқытушылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бір жыл мерзімге сотталды.

Аталған қылмыстық іс Орал қаласы ІІБ учаскелік инспекторы Д.Мухаевпен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны  бұзу жолымен 16.04.2013 жылы Орал қалалық прокуратурасымен қозғалды.

Сотпен анықталғаны, Ихсанова Н. Орал қаласындағы «Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде тәрбиеші лауазымында қызмет атқара жүріп, мектеп мұғалімінің ақшасының жоғалу жағдайын анықтау мақсатында оқушы денесінің кеуде жағын шымшып, терісінің бүртікті қабатын бұрмалау арқылы жәбір көрсеткен. Өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, сол күні кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің екі  қолын ыссы өтекпен күйдіріп, екі білегінің терісіне термиялық 1-2-ші дәрежелі күйік салған. Жәбірленуші екі оқушы ақыл-ой кемістігімен ауырған және сөйлеу қабілеті бұзылған.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотты Н.Ихсанованы ҚР ҚК-нің 137-бабымен айыпты деп танып, үш жыл мерзiмге оқытушылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, екі  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған.    

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.