Қашықтан жұмыс істеген үшін өтемақы төленбеген

19 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қашықтан жұмыс істеген үшін өтемақы төленбеген - 1347794003

Қаратөбе аудандық прокуратурасымен бюджеттік ұйымдардың еңбек және ұжымдық шарттарының Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына назар аудара отырып, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді. 

         Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы, 2-тармағына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Батыс Қазақстан облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына сәйкес облыста арнайы режимді енгізумен шектеу іс-шаралары енгізілуіне байланысты, ауданның бірқатар бюджеттік ұйымдарының қызметі толық немесе ішінара тоқтатылды.

         Соның ішінде, «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID – 19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шраларды күшейту туралы» Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 бұйрығының 4-қосымшасының 2-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуға көшкен болатын.

         Кодекстің 138-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.         

         Талдау нәтижесінде, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімімен (бұдан әрі - Бөлім) Кодектің 138-бабы, 2-бөлігінің талабын бұзып, ұжымдық шарттарында ескерілмей, аудандық білім беру ұйымдарындағы қашықтан жұмыс істеуге көшкен жұмыскерлерге меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланғаны үшін өтемақы төлемдері жүргізілмей, 583 жұмыскерлердің Конституциялық құқығы бұзылғандығы анықталды.

         Аталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау акті енгізіліп, 583 жұмыскердің Конституциялық құқықтары қорғалып, 547 жұмыскерге жалпы соммасы 2,53 млн. теңге көлемінде өтемақылары төленіп, қалған 36 жұмыскерге ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін төленетін болады.