Ішімдік ішкен жүргізуші бас бостандығынан айырылды

20 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қаласы прокуратурасының негізді ұстанымының нәтижесінде М.Сары қылмыстық іс бойынша сотқа тартылды және  2013 жылдың 5 тамызында сотталды. Қылмыстық істі тергеу барысы көрсеткендей, жүргізуші 2011 жылдың 1 мамырында ішімдік ішкен мас күйінде «Газель» маркалы автокөлігін басқара отырып, Зашаған ауылында балалы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттың салдарынан олар оқиға орнында қайтыс болған. 

Бастапқыда аталған факті бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған, қалалық прокуратураның нұсқауынан кейін ғана ҚР ҚК 296-бабы 3 бөлімімен қарастырылған қылмыс  белгілері бойынша жүргізушіге қатысты  қылмыстық іс қозғалған.

Бірақ,  БҚО ІІД тергеушісі Р.Уашевтың тергеу қорытындысымен іс бойынша жүргізушінің әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірісті тоқтату туралы бірнеше рет қаулы шығарылған болатын.

Соттың 2013 жылғы 5 тамыздағы үкімімен аталған тұлға кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.