Дариянда прокурорлар жиналыс өткізді

07 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Дариянда прокурорлар жиналыс өткізді - 888147500

   БҚО Бәйтерек ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі пробацияны қолдануға, қылмысты қайтадан жасалуына жол бермеуге қатысты есепте тұрған сотталған тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізілді.

  Сонымен қатар, жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді сотталғандармен уақытында төлеп, сот актісін орындау мәселесі бойынша түсіндіру жүргізілді.

  Кеңеске аудан прокурорының орынбасары Жанболат Айманов, полиция бөлімі бастығының орынбасары Виктор Котельников, пробация қызметінің бастығы Маргарита Галянина, тергеушілер, анықтаушылар және пробация инспекторлары қатысты.

  Сотқа дейінгі пробация – күдіктіге, айыпталушыға олардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-әрекет және шаралар жиынтығы екені айтылды.

  Кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге, 58 және одан жоғары жастағы, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 63 және одан жоғары жастағы, 3 жасқа дейінгі балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлерге қатысты қолданылады.

  Сотқа дейінгі пробация медициналық қызметтер алу, орта білім алу, мамандықты меңгеру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер алу мәселелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жолымен қамтамасыз етіледі.

  Аудан прокурорының орынбасары Жанболат Айманов 2019 жылы сотқа дейінгі пробация 10 адамға қатысты қолданылғанын атап өтті.

  Жиналыс соңында сотқа дейінгі пробация қолдану кезінде полиция, пробация, және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге және түсіндіру жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар әзірленді.