БҚО Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

26 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы  - 1886950200

   Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, 2019 жылдың 6 айындағы «Е-қылмыстық іс» модулін пайдаланудың тиімділігі мәселесі талқыланды.

   Қылмыстық саланы құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімін шығаруға дейін цифрландыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қойылған міндеттердің бірі және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылатыны атап өтілді.

  Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев Батыс Қазақстан облысының пилоттық режимде тергеп-тексеруді электрондық форматта іске асыруды бастаған алғашқы облыстардың бірі екендігін айтты.

   А.ж. алты айында «Е-қылмыстық іске» 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 40%-ын құрады.

    Сотқа 369 іс жолданды. Бұл республикадағы, оның ішінде ірі облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

  Бүгін қылмыстық процеске қатысушылар, соның ішінде күдіктілер, айыпталушылар, жәбірленушілер, қорғаушылар, олардың өкілдері «жария секторы» (pravstat.prokuror.gov.kz) интернет-порталы арқылы шағым мен өтінішхаттарды қашықтықтан бере алады, қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.

   БҚО-да тінту, алу, жеке тінту және басқа да тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды сот электрондық форматта қарайды.

    Сонымен қатар, облыс прокуроры электрондық форматта қылмыстық істердің спектрін кеңейту, теріс қылықтар мен ауыр емес қылмыстардан ауыр санаттағы қылмыстарды тергеуге көшу қажеттігін атап өтті.

    Сондай-ақ, облыстың бірқатар аудандарында байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Жоғары жылдамдықты интернетпен Орал қаласы мен Теректі ауданының полиция бөлімдері қамтамасыз етілді.

   Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры тергеу органдарына қылмыстық процесті кезең-кезеңімен цифрландыру жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша нақты міндеттер мен шараларды анықтады.

 

БҚО Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы  - 1316033616

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу