БҚО прокурорлары азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талқылады

03 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокурорлары азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талқылады - 1710979449

  Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен 2019 жылдың өткен кезеңінде қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы мәселесі талқыланған алқа отырысы өткізілді.

  Прокуратураның қадағалау қызметінің басты бағыты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады.

  Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, қылмыстық процеске заңсыз тартуға жол бермеу мақсатында прокурорлар жүйелі жұмыс жүргізуде.

  Анықталған және алды алынған әрбір факт бойынша қадағалау актілері енгізіледі, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен көзделген жауаптылыққа тартылады.

 Алқа отырысында облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуының басты себептері - тергеудің сапасы мен тиімділігінің нашарлануы, қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында тиісті ведомстволық бақылаудың болмауын атап өтті.

  Полиция департаментіне тұлғаларды заңсыз жеткізу және қызметтік кабинеттерде ұстау нұсқалды.

  Жиналыстың нәтижесінде облыс прокуроры қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, бұзушылықтарды болдырмауға, тергеу сапасын арттыруға, ведомстволық бақылауды және прокурорлық қадағалауды күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар беріп, бірқатар шаралар кешені әзірленді. 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу