БҚО прокуратурасының наразылығы бойынша «БатысПоймаАгро» АӨК бұрынғы төрағасын қамауға алуға рұқсат берілді

23 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

339 млн. 600 мың теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттың ұрлануымен байланысты ауыр қылмысты жасауда күдікті ретінде танылған «БатысПоймаАгро» АӨК Басқармасының бұрынғы төрағасы Ахметов Армат ҚР ҚІЖК 132-бабының негізінде ұсталып, Орал қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

ҚР ҚК 176-бабының 4 тармағы «б» тармақшасы бойынша оған айып тағылды, «Қамауға алу» түріндегі тыйым салу шараларын санкциялау туралы  материалдар сотқа жіберілді.

А.Ахметовтің тергеу органдарынан жасырынғандығы немесе жасырынып жүргендігі туралы мәліметтердің тергеу органымен ұсынылмау дәлелдемесімен БҚО Теректі аудандық сотымен қамауға алуға рұқсат беруден бас тартылды.

Сондай-ақ, тергеу органында қылмыстың ауырлығымен қатар айыпталушы А.Ахметов бостандықта жүріп тергеу барысына кедергі жасауы мүмкін болатын жеткілікті негіздемелері бар,  аталған жағдай бойынша тыйым салу шараларын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде сотқа тиісті материалдар ұсынылды.

Облыс прокуратурасымен БҚО Теректі аудандық сотының қаулысында келтірілген дәлелдемелердің нақты негізсіздігін назарға ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық сотына жеке наразылық енгізілді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық алқасымен облыс прокуратурасының жеке наразылығы толық түрде қанағаттандырылды, айыпталушы А.Ахметовке қатысты «Қамауға алу» түріндегі  тыйым салу шарасы алынды.