БҚО прокуратурасында 2018 жылдың жұмысы қорытындыланды

28 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасында 2018 жылдың жұмысы қорытындыланды - 165891086

    Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында өткен кезеңнің жұмыс қорытындысы және осы жылға қойылған басым бағыттар талқыланған алқа отырысы өткізілді.

    Облыстағы криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың 11 пайызға (12 420-дан 11 105-ке дейін) төмендеуімен сипатталады.

    Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 33 пайызға азайды (470-тен 315-ке). Бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кең қолданылуына байланысты.

    2 102 қылмыстық іс электрондық форматта тіркеліп, оның 708-і сотқа жолданды.

    Түзеу мекемелерінде 10 кәсіпкермен жұмыс орындары ашылды, 263 сотталған жұмыспен қамтылды. Сотталғандармен бюджетке 59 млн. теңге төленді.

    Сот орындаушылармен бірлесіп 31 млн. теңге қылмыстық айыппұл өндірілді.

   Әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді.

    34 оқушы тіркелген әлеуметтік желіде қауіпті 8 қауымдастық анықталып, жабылды. 

    Әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау нәтижесінде 6 млн. теңге қаражат қайтарылды.

  Жоғарғы Сотпен облыс прокуратурасының бастамасымен енгізілген азаматтық істер бойынша 7 кассациялық наразылық қанағаттандырылды және анықталған бұзушылықтар бойынша 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

  Атқарушылық өндіріс бойынша қадағалау актілерімен бюджетке 123 млн. теңге өндірілді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 23 және 71 тұлға тартылды, 2 жеке сот орындаушы қызметін тоқтатты.

    Шағымдарға ықпал ету механизмін жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінуі 11 пайызға, прокуратура органдарына 20 пайызға азайды. Жеке қабылдауда 4 690 азамат, оның ішінде 2 698 адам басшылармен қабылданды.

    Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 710 азамат жүгінді, оның 1 020 прокурормен қабылданып, барлығына заңнама талаптары түсіндірілді, талап арыз толтыруға, шағым жасауға көмек көрсетілді.

    Отырыс қорытындысында облыс прокурорымен бірқатар тапсырмалар беріліп, 2019 жылға міндеттер айқындалды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу