БҚО Құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтар үшін

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО Құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтар үшін - 631548752

   2017 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен ашылған Құқық қорғау қызметтері орталығы халыққа өз қызметін көрсетуде.

   Азаматтардың сенімін арттыру және халықты білікті құқықтық көмекпен қамтамасыз ету Орталықтың негізгі мақсаты.

   Осы кезеңде Орталыққа 1,5 мың. адам келіп, оның ішінде 940 тұлғаны прокурорлар қабылдады.

   Адвокаттың тегін қызметін 301 адам пайдаланса, медиатордан – 97, заңгерден – 68, сот орындаушыдан – 30 тұлға ақыл-кеңес алды.

   Құқыққорғау органдарының қызметкерлері үшін мамандардың қатысуымен 8 семинар мен тренингтер ұйымдастырылды.

   Әртүрлі акциялар жүргізіліп тұрады.

   Мысалға, тамыз айында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, оған 100 адам қатысты. Оларды негізінен жер, тұрғын-үй заңнамаларының бұзылуы және сот актілерінің орындалмауы толғандырды.

   Орталықтың жұмысы «бір терезе» қағидасы арқылы халықтың қиындықтарын кешенді шешуге бағытталған.

   Бұл жерде азаматтар мемлекеттік органға немесе сотқа «E-gov» порталы арқылы арыз бере алады, бұрын берілген өтінішінің нәтижесін тексеріп, облыс прокуратурасының басшылығына қабылдауға жазылып, прокурор мен басқа да мамандардан заң көмегін ала алады.

    Азаматтарды қабылдау электронды кезек жүйесімен жүргізіледі.

   Орталық «Smart Uralsk» ғимаратында (Орал қаласы, Шаған жағалауы, 84) орналасқан және сағат 09.00-дан 18.30-ға дейін жұмыс жасайды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу