БҚО-да Үйлестіру кеңесі өтті

25 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО-да Үйлестіру кеңесі өтті - 1772800440

  Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында уәкілетті органдармен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті қолдану заңдылығының жай-күйі талқыланған Үйлестіру кеңесі өткізілді.

  2019 жылдың 9 айында 126 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген, ал бұл өткен жылдың осындай мерзіміндегі көрсеткіштен 3,1% көп (123 мың).

  Соңғы бес жылда олардың саны азаюда.

  Көліктегі құқықбұзушылықтар 57% құраса, қоғамдық тәртіпке қатысты 15%, басқару тәртібіне қатысты 9%, салық салуға қатысты 6%, жеке басқа қол сұғуға қатысты 3%, сауда және қаржы саласында 3%, мемлекеттік шекара, ел аумағында болу тәртібіне қатысты 2% және басқалары 5% құрады.

  Соттармен және уәкілетті органдармен жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге айыппұл салынып, олардың 934 млн. теңгесі немесе 56,3% өндірілген.

  Айыппұлдарды ең аз өндіру статистика (1,3 млн. тек 300 мың), мемлекеттік кіріс (467 млн. тек 128 млн.), әділет (6,1 млн. тек 2,6 млн.) және табиғи монополияларды  реттеу (1,8 млн. тек 808 мың) органдарында байқалады.

  Талдаумен кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартпау, негізсіз жауапкершілікке тарту, негізсіз айыппұл салу, аз көлемдегі айыппұл салу, айыппұлдың жартысын төлеу үшін қысқартылған тәртіпті қолданбау, біліксіз тұлғалармен құжаттарды қарау және өндірістердің қысқартылуына әкелген бұзушылықтар анықталды.

  Кеңеске қатысушылар сонымен қатар айыппұлды дер кезінде төлеудің, құқық бұзушылармен жазаны орындамаудың және жазаның бұлтартпастығы мәселелерін талқылады.

  Облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев кеңесті қорытындылай келе уәкілетті органдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормалары мен талаптарын қатаң сақтап, тиісті түрде орындау қажет екендігін тапсырды.

БҚО-да Үйлестіру кеңесі өтті - 782812305

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу