Батыс Қазақстан облысында өңірдің құқықтық саладағы мәселелері талқыланды

29 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Батыс Қазақстан облысында өңірдің құқықтық саладағы мәселелері талқыланды  - 593645003

    Бас прокуратураның бастамасымен Батыс Қазақстан облысында кеңес болып өтті.

 Құқық қорғау саласының өңірдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындылары талқыланып, қызметтік жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар мен ұсыныстар туралы баяндамалар тыңдалды.

   Жұмыстағы кемшіліктер, соның ішінде облыс бойынша жасалған аса ауыр қылмыстардың өсуі (39-дан 52-ге дейін) атап өтілді.

  Сондай-ақ қылмыстық саланы жаңғыртуға және ізгілендіруге бағытталған  заңнамалық өзгерістердің тиісінше жүзеге асырылуына қатысты мәселелер қозғалды.

 Бас бостандығынан айырудың баламалы шараларын бұдан әрі кеңейту қажеттілігіне қатысты және жергілікті атқару органдарының тарапынан ұйымдастырушылық сипаттағы тиісті шаралардың өткізілуі жөнінде нұсқау берілді.

  Атап айтқанда, пробация органдарының әкімдіктермен бірлесе отырып, қоғамдық жұмыстардың көлемін қамтамасыз ету және сотталған адамдарды әлеуметтік ортаға тарту жұмыстарын тиімді жүргізуі.

  «Электрондық қылмыстық істі» енгізу жобасын іске асыру мәселесі кеңесте өз алдына бөлек талқыланған мәселелердің бірі болды.    

   Қылмыстық саланы цифрландыру Елбасының Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қойылған басты мәселелердің бірі және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

   2017 жылдан бастап пилоттық режимде электрондық түрде тергеп-тексеру форматын іске асыруды бастаған өңірдің бірі – Батыс Қазақстан облысы. 

   Қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру саласында әкімдіктің және құқық қорғау органдарының тиімді өзара іс-қимыл жасауы реттелді.

   Бүгінгі таңда сатып алынған құрал-жабдықтардың көлемі 192 млн. теңгені құрайды. 

  Полицияның тергеушілері, анықтаушыларының жұмыс орындарының техникалық жарақтандырылу деңгейі 80% құрады. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

   Алайда, электрондық қылмыстық істердің қолданылғанына қарамастан, бұл көрсеткіштің деңгейі әлі де төмен.

   Осылайша, полиция органдары цифрлық түрде теріс қылықтардың 37% ғана тергеп-тексерді. Сатып алынған құрал-жабдықтар босқа тұр, оқытылған қызметкерлер жүйеде жұмыс жасау дағдыларынан айырылып қалуда.

  Осыған байланысты тергеп-тексеру органдарына және прокурорларға тергеп-тексерудің заманауи форматтарын қолданудың тиімділігін арттыру және жандандыру бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырмалары берілді.

  Кеңесте байланыс арналарының, әсіресе аудандық деңгейдегі байланыс арналарының өткізу қабілетінің төмендігі туралы техникалық сипаттағы мәселелер де көтерілді. Бірлескен талқылаудың қорытындылары бойынша облыс әкімі «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық бөлімшесінің басшылығына тиісті тапсырмаларын берді.

  Кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, заңдылықты және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған ұсыныстар жасалды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу