Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мобильдік тобы дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесті

24 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мобильдік тобы дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесті - 1578698469

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерін анықтау бойынша, дәріханаларда, әлеуметтік желілерде заң бұзушылық фактілерінің болуына мониторинг жүргізу жолымен, сондай-ақ кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша облыс прокуратурасының үйлестіруімен дәрілік заттарды алыпсатарлық фактілерінің 47 фактісі анықталды, оның ішінде: 

- 22 фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласындағы ережелерді бұзу, оның ішінде ҚР қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды өткізу, сондай-ақ шекті бағаларды арттыру;

- 9 заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу;

- 3 тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу.

Мысалы, мобильдік топ «Инфлюцит» препаратының 1 орамын 3 000 теңгеден сату фактісін анықтады, ал денсаулық сақтау министрлігінің 15.07.2019 ж. бұйрығы бойынша препаратқа 2 571 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген.

Осылайша, жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында жоғары бағамен дәрі-дәрмек сатқан.

Басқа жағдайда, формацевтикалық фирма Орал қаласы аумағында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілмеген 17 270 теңге сомасына 20 капсула көлемінде «Ингаварин» сауда атауымен дәрілік заттарды сатқан.

Бүгінгі таңда 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қалғандарына қатысты істер сот және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау Департаментінің өндірісінде.

Сонымен қатар, заңсыз айналымнан алынған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ жалпы сомасы 561 млн. теңгеден астам жеке қорғану құралдары Денсаулық сақтау органдарына берілді.

Қазіргі уақытта мобильдік топ жұмысын жалғастыруда.

Дәрілік заттардың бағасын көтеру фактілері туралы 8 (7112) 51-06-96 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.