Балаға ең жақсы тәрбие беру – жеке үлгі көрсету

10 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Балаға ең жақсы тәрбие беру – жеке үлгі көрсету  - 444233754

  БҚО Ақжайық ауданының прокуроры Әділет Тоқтамысов «Отбасы институтын дамытып, жарасымды отбасылық қатынастардың қалыптасуына, қоғамдағы әке беделін арттыруға үлес қосқаны және өнеге көрсеткені үшін» алғыс хатын алды.

  Марапаттау Батыс Қазақстан облысының Әкелер форумында өтті, оған өңіріміздің барлық түпкірлерінен әкелер қатысты.

  Ол жолдасы екеуі бес баланы тәрбиелеп келеді, олардың ең үлкені 11 жаста, кішісі 1 жаста.

  Ә.Тоқтамысовтың пікірі бойынша қоғамның ажырамас бөлігі ретінде тұлғаның қалыптасуы кез-келген елдегі заңдылық пен тәртіптің жағдайына тікелей байланысты.

  Адамгершілік құндылықтар, мінез-құлық модельдері ата-анадан балаға өтеді, ал жеке тұлғаны үйлесімді, бақытты және сәтті етіп қалыптастыру отбасынсыз қиын.

  Сондықтан білім беру процесі дәстүрлікті айқындайды, балаға қазіргі қоғамда әлеуметтенуіне кепілдік береді.

  Бес баланың әкесі үнемі мектептің және балалардың қоғамдық өміріне қатысады.

  Жеке мысал, іс-әрекеттер, айтылған пікірлер, белгіленген ережелерді сақтау - ең жақсы тәрбие. Осындай пікірді Әділет Тоқтамысов ұстанады.

  Оның отбасында әр кеште дәстүрлі бағдарламалар өтеді:

- әр түрлі халықтардың ертегілерін және көркем әдебиеттерін оқу;

- түрлі тақырыптарға балалардың TED-презентациялары;

- мақсат қою және оған жету жоспарын талқылау.

  Осындай іс-шаралар балалардыің көкжиегін кеңейтуге, әлеуеттерін ашуға және болашақ өмірде дұрыс жолды таңдауға септігін тигізеді.