Бала құқығы қорғалды

20 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаратөбе ауданының прокуратурасымен облыстық сот орындаушысының қызметін тексеру барысында алимент өндіру туралы  сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмау фактісі анықталды. Н.Батыровтың 2013 жылдың басынан бастап өзінің тапқан табысын жасырғандығы және  өзінің кәмелет жасқа толмаған баласына алимент төлеу туралы сот актісін орындаудан жалтарғандығы анықталды.

Аудан прокурорының ұсынысы бойынша қарызгерге қатысты  әкімшілік өндіріс қозғалды, сондай-ақ Қаратөбе ауданының сот орындаушысымен 74 мың теңге көлеміндегі алимент бойынша қарызды өндіріп алу шаралары алынды, ол қарызгермен ішінара өтелді.

Аудандық соттың 2013 жылғы 1 тамыздағы қаулысымен Н.Батыров ҚР ӘҚБтК 525-бабының 1-ші бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.