Азаматтарды қабылдау жүргізілді

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтарды қабылдау жүргізілді - 1996677181

  2019 жылғы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтті.

  Іс-шараның мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату, оларға құқықтық көмек көрсету және көкейкесті мәселелерді шешу болып табылады.

  Азаматтарды облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев қабылдады.

  Барлығы 16 адам жолығып, олар сотқа дейінгі тергеу (4), жазаны орындау (1), алиментті өндіру (1), қылмыстық сот өндірісі (2), еңбек (6), тұрғын-үй (1) және экология (1) заңнамалары мәселесі бойынша жүгінді.

  К. есімді азамат осыған дейін құқықтық көмек көрсеткені үшін облыс прокурорының көмекшісі Талғат Жилкибаевқа алғыс айтқан хатпен жолықты.

  Ағымдағы жылдың 10 айында облыс прокуроры 212 тұлғаны жеке қабылдады.

  Облыс прокурорымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау әр аптаның сейсенбі күні жүргізілетінін хабарлаймыз.

  Жеке қабылдау Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 23 мекенжайында орналасқан облыс прокуратурасының ғимаратында ұйымдастырылады (байланыс телефондары 511 534, 512 566).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу