Аудан прокуроры Қоскөл, Егіндікөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті

02 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Аудан прокуроры Қоскөл, Егіндікөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті - 427175227

  Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов 29 тамызда Қоскөл және Егіндікөл ауылдарына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.

  Барлығы 72 адам келген кездесулерге ветеринария бөлімінің басшысы К.Аймашев, жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Жұмағалиева, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысының м.а. Қ.Бадақов және жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Серіков қатысты.

  Кездесудің мақсаты халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдап, көкейкесті мәселелерді шешіп, қылмыс пен бұзушылықтардың алдын алу.

  Ауыл тұрғындары ұсақ бұзақылықпен күресу, мал ұрлығы, мал бағымын ұйымдастыру және басқа да сұрақтарды көтерді.

  Мысалға, 2016 жылы Қоскөл ауылы аумағынан 22 ірі қара малы ұрланды.

  Қылмысты Ақтөбе облысының тұрғындары жасағаны анықталып, соттың 2017 жылғы 20 ақпандағы үкімімен 6 адам ҚК-тің 188-бабы, 3-бөлігімен екі жыл үш айға шартты сотталды. Келтірілген 2,2 млн. теңге шығын толық өтелді.

  2018 жылғы соттың үкімімен Қоскөл ауылынан бір бас жылқыны ұрлағаны үшін бірнеше тұлға сотталды.

  Аталған қылмыстардың орын алуы себебі тұрғындардың малдарын кезекпен бағуға қоспау, мал бағу процесін ұйымдастырмай жайылымға бағусыз жіберу салдарынан болып отыр.

  Сондықтан, мал бағуды ұйымдастыру ұрлықтың алдын алудың ең негізгі факторы екені ескертіліп, ауыл округ әкімдері А.Зейнуллин мен Қ.Мұқановқа тапсырма берілді.

  Полиция және жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылатын түнгі рейдтерді қайтадан қолға алу туралы шешім қабылданды.

  Одан басқа ауыл тұрғындары ауыл ішінде және шетінде күл-қоқыс төгудің тиылмай отырғанын жеткізді.

  Ауыл әкімдеріне Экологиялық кодекстің 300-бабының 5-тармағына сай қоқыс төгетін полигондарды ұйымдастыру қажеттілігі тапсырылды және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екені ескертілді.

  Учаскелік полиция қызметкерлері Е.Ахбалинге, А.Науашевке заңсыз күл-қоқыс төгуді болдырмас үшін ескерту жұмысын жүргізу тапсырылды.

  Айтып өтейік, 6 қыркүйекте аудан прокуроры Саралжын және Аққозы ауылдарында жеке қабылдау өткізеді.

Аудан прокуроры Қоскөл, Егіндікөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті - 1610059165

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу