Алиментті өндіру бойынша азаматтар қабылданды

05 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алиментті өндіру бойынша азаматтар қабылданды - 1504334973

  2019 жылғы 31 қазанда БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

  Шара барысында прокурорлар 28 азаматты қабылдап, олардың 37 баланың пайдасына 18 млн. теңге алиментті және алимент бойынша берешекті өндіру туралы атқарушылық құжаттар бойынша өндіруші екені анықталды.

  Құқықтық көмек алу үшін жолыққан адамдар Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан келген, ал көбі облыс орталығының тұрғындары.

  Акция нәтижесінде арыздар қабылданып, қасақана борышкерлердің тізімі және мәжбүрлеп өндіруге бағытталған шаралардың жоспары жасалды.

  Сонымен қатар, Әділет және Полиция департаменттеріне, ЖСО Өңірлік палатасына борышкерлерді әкімшілік (ӘҚБтК-тің 669-бабы) және қылмыстық (ҚК-тің 139-бабы) жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актілері енгізілді.

  Еске салайық, Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында орналасқан, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

  Пошта 7112154@prokuror.kz, телефон 87112 510832.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу