Алимент өндіру мәселесі талқыланды

09 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алимент өндіру мәселесі талқыланды - 1618528451

  Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында 2019 жылы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуының заңдылығы, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың жай-күйі талқыланған алқа мәжілісі өтті.

  Алқа отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Манкеев, Әділет департаментінің басшысы А. Абдрахманов, Өңірлік сот орындаушылар палатасының басшысы А. Қожабергенов, Полиция департаменті бастығының орынбасары А.Теміржанов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы А. Кулкаев және т.б. қатысты.

  Өткен жылы сот орындаушылардың өндірісінде 8 мыңнан астам атқарушылық құжат болғаны, оның 69% бойынша кірістен мерзімдік ұстап қалу жүргізілгені атап өтілді.

  Прокурорлар атқарушылық өндіріс органдарымен бірлесіп, құжаттарға толығымен ревизия жүргізді (шетелге көшкен борышкерлер, қайтыс болғандар, кәмелет жасқа толған балалары бар, орындаудан қайтарып алған өндіріп алушылар алынып тасталды).

  Барлық аудандарда бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 650 борышкер жұмыссыздар есебіне қойылды және жұмысқа орналасты.

  Полиция қызметкерлерін тарту арқылы 148 көлік ұсталды, 16 көлік жүргізу куәлігі алынды, 506 бас үй жануарлары мен 54 жылжымайтын мүлік, сондай-ақ шет елге шығудың 79 фактісі анықталды.

  ӘҚБтК-тің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 109 борышкер, ҚК-тің 139-бабы бойынша 17 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

  Қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек 80 млн. 42 млн.теңгеге дейін азайды.

  Кеңес соңында облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев уәкілетті органдарға балалардың құқығын қорғауға және сот актілерінің тиімді орындалуына бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Алимент өндіру мәселесі талқыланды - 288648935
Алимент өндіру мәселесі талқыланды - 509505464