2019 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды

24 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды - 1765198956

   Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары талқыланған алқа отырысы өткізілді.

   Прокурорлармен алты айда 381 мың азаматтың құқығы қорғалды.

   Барлық аудандарда жалпы орта білім беретін мекемелер педагогтарының құқықтарының бұзылғаны  анықталды, оларды өз қаражаты есебінен медициналық тексеруден өтуге заңсыз міндеттеген, білім берудің инклюзивті бағдарламалары бойынша жұмыс үшін қосымша ақы төлемеген.

   Прокуратураның ұсынуы бойынша 10 мыңнан астам оқытушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

  Орал қаласы және Бөрлі ауданы бойынша коммуналдық қызметтері үшін қарызы бар 200 мыңнан астам азаматтың дербес деректерді қорғау құқығын бұзу фактілерінің жолы кесілді.

  «Ақсайжылуқуат» ЖШС, «БатысЭнергоРесурсы» ЖШС ҚР ӘҚБтК 79-бабы бойынша (дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   Прокуратураның ұсынуы бойынша Орал қаласының 104 мың тұтынушысы үшін «Батыс су арнасы» ЖШС көрсететін сумен жабдықтау қызметіне тарифтер төмендетілді.

  Орал қ. прокурорының талап арызы арқылы 18 ақпараттық материал экстремистік деп танылды, 80 сайт жабылды.

   Жалақы бойынша 66 кәсіпорындағы 190 қызметкер алдында  53,9 млн. теңгені құрайтын берешек өндірілді.

   Казталов ауданында құны 1,3 млрд. теңге болатын сукернеуіш мұнарасын балансқа алмау фактісі анықталды, бұл тұрғындарға ауыз суды субсидиялауға теріс әсерін тигізді. Нәтижесінде 3931 тұрғын 30 теңгенің орнына жыл бойы текше метрге 385 теңге төлеген.

   Қабылданған шаралармен қылмыстық құқық бұзушылықтардың 10%-ға төмендетілді.

   Қабылданған кешенді шаралар, оның ішінде үйлестіру кеңесін өткізу адам өлтіру фактісін 2 есеге азайтты.

   Электрондық форматта 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл 40% құрады, 369 сотқа жіберілді. Республика бойынша бірінші орын.

   Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 2 есеге төмендетілді (180-нен 84-ке дейін).

   Ұлттық алдын алу тетігімен сотталғандарды бірлескен қабылдау, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде режимді бұзу (124-тен 118-ге) азайды.

   Қабылданған үйлестіру шаралары колонияға 12 кәсіпкерді (75 жұмыс орнын қамтамасыз етті) тартуға, сондай-ақ «Еңбек» РМК-ні мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

   Облыс прокуратурасының шет мемлекеттерде іздеудегі облысымыздың 3 азаматын (ұрлық, зорлауға оқталу, шет мемлекеттегі қарулы дауларға қатысуға дайындалу) ұстап беру туралы сұрауы Бас прокуратурамен қолдау тауып, берілді.

   Атқарушылық өндіріс бойынша мемлекет кірісіне берешек 66%-ға төмендеді (15 млрд.теңгеден 5 млрд.- теңгеге дейін).

  Өтініштерді қарау механизмін жетілдіру барлық мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерінің 9%, ал прокуратура органдарында 20% төмендеуіне алып келді. 

   Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 007 адам келді, 766 азамат  прокурормен қабылданды.  Барлығына заңнамалар түсіндіріліп, талап арыздар жазуға көмек көрсетілді.

   Алқа отырысының соңында өңірде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.

 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды - 911556762

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу