2013 жылдың 1-ші жарты жылдығында қылмыстық ізге түсу органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуы және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

10 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2010-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2010 жылдан бастап  прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылау  құралдарын жетілдіру мақсатында  өтініштерді тіркеудің электрондық жүйесі енгізілді.

Осындай шаралардың бірі – құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау және алмасу бойынша  жаңа ақпараттық технологияға (электрондық жүйеге) құқық қорғау органдарының көшуі болып табылады.

Бүгінгі таңда барлық қала, аудан прокуратураларында  сот шешімдерін шығарғанға дейін  сотқа дейінгі өндірістің  барлық сатысында  барлық процессуалдық шешімдерді бақылаудың электрондық жүйелері  орнатылды.

Соңғы 2 жылда прокуратура органдарымен  есепке алу-тіркеу  тәртібін  ретке келтіруде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Жеке алғанда, қылмыстық ізге түсу органдарымен  қылмыстар туралы хабарламалар бойынша шешімдерді қабылдаудың 3 күндік мерзімінің сақталуы туралы Нұсқау жіберілді. Ағымдағы жылдың ақпан айында есепке алу-тіркеу тәртібін бақылауды ұйымдастыру, электрондық өтініштерді есепке алу кітабын енгізу туралы Нұсқау бекітілді, қылмысты жасырғаны үшін  қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін (ҚР ҚК-не  жаңа 363-1 бабын енгізу) лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігін күшейту туралы біріккен Нұсқау қабылданды.

Жалпы алғанда, осы және басқа да  кешенді шаралар  айтарлықтай деңгейде  аталған бағыттағы  жұмысты  жақсартуға ықпалын тигізді.

Электрондық  өтініштерді есепке алу  кітабын енгізу арқылы  қылмыстық  ізге түсу органдарымен қабылданатын  процессуалдық шешімдердің  уақытылылығын қамтамасыз ету мақсатында  облыс прокуратурасымен облыс прокуроры орынбасарының басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оған  прокуратура, ішкі істер органдары, Құқықтық статистика  және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитетінің БҚО бойынша басқармасының  өкілдері кіргізілді.

Есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыруда прокурорлар  қылмыстар туралы  өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу мүмкіндігін пайдалану, сондай-ақ  облыстың ІІД жедел есепке алу орталығын пайдалану арқылы  күнделікті мониторинг жүргізу жолымен процессуалдық шешімдерді  жедел қабылдауға еркеше назар аударады.

Құқық қорғау органдарына жүгінген біздің облысымыздың барлық азаматтарында өзінің өтініштерінің жағдайы туралы білу мүмкіндігі пайда болды.

Жеке алғанда, ерекше 14 мәнді  нөмір берумен өтінішті қабылдау туралы талон-хабарламаны беру Интернет, Call-орталық (115) немесе  SMS-хабарлама (1012) арқылы өтініш бойынша қабылданған шешім  туралы білуге болады.

Қазіргі таңда  ізге түсу органдарында қылмысты жасыру фактілері мен азаматтардың өтініштерін қараудағы қиыншылықтар азайтылды.

Қабылданған шаралардың  нәтижесінде бізге қылмысты жасырудың фактісін 60%-ға төмендетуге  мүмкіндік пайда болды, егер өткен жылдары  150-ден астам қылмыс жасырылса, ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында  олардың саны 60 болды.

2013 жылдың  01 қаңтарында  ішкі істер органдарымен  3 күннің ішінде  56% жағдайда процессуалдық шешімдер қабылданды, бүгінгі таңда  бұл көрсеткіш  91,0%-ды құрады, яғни азаматтардан келіп түсетін барлық  өтініштер  қиыншылық тудырмай, 3 күннің ішінде қаралады.

Прокурорлық қадағалау  актілері бойынша қылмыстық ізге  түсу органдарының 100 лауазымдық тұлғасы, соның ішінде  8 қылмыстық ізге түсу  органдарының басшылары тартылды.

Қылмысты жасыру деректерін азайтуға қылмыстарды есепке алуды жасырғаны үшін  қылмыстық ізге түсу  органдары басшыларының жауапкершілігін  күшейту бойынша  құқық қорғау органдарымен бекітілген  2011 жылғы  10 қаңтардағы  №1/15 бірлескен  нұсқауын қабылдау, сондай-ақ қылмысты жасырғаны үшін  жеке бап пен қылмыстық жауапкершілікті қолданысқа енгізу (ҚР ҚК қылмысты жасыру туралы 363-1 бабы) септігін тигізді.

Қылмыстық Кодекстің  аталған бабы қолданысқа енгізілгеннен бастап  қылмысты жасырғаны  үшін қылмыстық жауапкершілікке 2 полиция қызметкері тартылып, сотталды. Бүгінгі таңда  қылмысты жасыру фактісі бойынша  2 қылмыстық іс  тергелуде.

Есепке алу-тіркеу  тәртібін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында  құқықтық статистиканың  барлық мүдделі субъектілерін біріктіру шаралары алынды. Барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен  2 алқа отырысы мен 2 Үйлестіру Кеңесі  өткізілді, онда  қарау қорытындылары бойынша  барлық құқық қорғау органдары, сондай-ақ  қала, аудан прокурорларына  арналған  нақты тапсырмалар мен ұсыныстар дайындалды.