Өңірде бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар жойылды

22 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Өңірде бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар жойылды - 318393335

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасымен жүргізілген сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің құқықтарының елеулі бұзушылықтары анықталды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2 тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындайды және бекітеді.

Талдау кезінде аудан әкімдігімен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін арнайы орындар аудан аумағында белгіленбегені анықталды.

Бұған қарамастан, 2018-2020 жылдары полиция қызметкерлерімен 92  кәсіпкер және өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындардан тыс сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылардың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдармен ауданның елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін арнайы орындар белгіленуде.