Бизнесті қорғау бойынша жүргізілудегі жұмыстар туралы

21 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бизнесті қорғау бойынша жүргізілудегі жұмыстар туралы - 1250586237
Бәйтерек ауданы прокуратурасының жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топпен мобильді бейнеконференция байланысы арқылы «Өңірде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың проблемалық мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы және Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі өкілдері қатысты.
Кездесуді ашу кезінде аудан прокурорының орынбасары Б.Молғалиев мемлекетпен бизнесті қорғау бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке жағдай жасау үшін іске асырылып жатқан жобаларды атап өтті.
Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП филиалы басшысы А.Карткужакованың ұсынысы бойынша, мобильдік топпен ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде орын алатын проблемалар туралы хабарлаған жергілікті кәсіпкердің ауызша өтініші қаралды.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Облыстық көліктік бақылау инспекциясына заңдылықты бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
Соңында, әрбір кәсіпкердің Мобильдік топқа бизнесті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар туралы айтуға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн.
Қабылданудағы шаралармен Мобильдік топ ауданның бизнес-қауымдастығынан кері байланыс алуға бағытталған.
Құрметті кәсіпкер, бізбен:
8(71130)22-704, 8(705)515-5571нөмірлері арқылы;
7113007@prokuror.kz электрондық поштаға өтініш жолдау арқылы хабарласа аласыз.