Кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

26 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіби мерекемен құттықтаймыз! - 731338197

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін төл мекересімен құттықтайды.

БАҚ өкілдерінің мерекесінің маңыздылығы ауыл мен қаладағы әрбір оқырманға, тыңдарманға және көрерменге белгілі.

Журналистика мамандығы – қиындығы мен қызығы қатар жүретін жан-жақтылықты талап ететін жауапты сала. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғам мен халық арасында тығыз байланыста жүретін журналисттеріміздің еңбегі ерен.

Ақпарат ағымында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан тілшілерімізге шығармашылық шабыт, кәсіптеріңізге өрлеу, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!