Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жауапкершілік

21 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жауапкершілік - 893262729

ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаев 02.09.2019ж. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауында «Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Бұл өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», - деп атап өткен.

Осыған байланысты, Теректі ауданы прокуратурасымен 2019-2020ж.ж. жер комиссия отырыстарының құжаттарын зерделеу арқылы, жергілікті атқарушы органмен жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары өрескел бұзылғандығы анықталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу барысында, аудан әкімінің орынбасары (комиссия төрағасы) мен жер қатынастар бөлімінің басшысы (комиссия төрағасының орынбасары) ұсынылған өтінімдерді бағалау кезінде заң талаптарын бұзған.

Мәселен, Богдановка ауылдық округінде орналасқан көлемі 1533 және 1090га екі жер телімдері «Теректі тұқым» ЖШС (әрі қарай ЖШС) инвестициялардың болжамды көлемі болмауына қарамастан комиссиямен жеңімпаз деп таныған. Ал онымен бірге қатысқан Л.Серешовтың инвестициялардың болжамды көлемі 23 млн. теңге қаражат көрсетілген. Бірақ комиссия оны ескермей, жоғарыда аталған екі жер телімін ЖШС-не беру туралы заңсыз шешім қабылдаған.

Сонымен бірге, жер комиссиясы басқа аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен өткізілген болатын. Алайда, жер кодекстің 43-бабына сәйкес, жер комиссиясының төрағасы болып әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады және жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Ал комиссия төрағасы аудан әкімінің міндетін атқара отырып, жер комиссия отырысын өткізе алмайтынын біле тұра, жұбайына жер телімін беру үшін, функционалдық міндеттеріне сәйкес келмейтін және де жер комиссиясы мүшесі болып табылмайтын әріптесі аудан әкімінің орынбасарына комиссия отырысын өткізу туралы заңсыз міндет жүктеген.

Осыған қарамастан, сол кездегі аудан әкімінің міндетін атқарушы жұбайын жеңімпаз деп танып, аудан әкімінің қаулысымен 2400 га жер телімі берілген. Ал қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (комиссия төрағасы) жүктелген. Бұл өз алдына көрінеу заңсыз шешім болып есептеледі, өз жұбайына жер телімін беру туралы шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүлдем құқығы жоқ. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Кодекстің 15-бабын бұзып, мүдделер қақтығысына тікелей жол берілген.

Аудан әкімінің орынбасары мен жер қатынастар бөлімінің басшысына ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының 1-тармағының, 4,5-тармақтарын сақтамай, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін әрқайсысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Кейін жер қатынастар бөлімінің басшысын аудан әкімінің бұйрығымен атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Қоғамның барлық саласына етене жайылып бара жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сіз бен біздің қоғамға, ең алдымен абыройымызға тигізер пайдамыз екенін ұмытпайық.