Карантин кезінде мас жүргізуші қамауға алынды

08 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Карантин кезінде мас жүргізуші қамауға алынды - 1835408885

02.04.2020 жылы Теректі ауданының тұрғыны Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 31.10.2019 жылғы қаулысымен көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғанына қарамастан, масаң күйде «Ваз-2107» маркалы автокөлігін жүргізіп, рөлдік басқаруын игере алмай, автокөліктің аударылуына жол берген.

Нәтижесінде аталған автокөліктің жолаушылары әртүрлі дене жарақатын алып, Орал қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен бірге, Теректі аудандық сотының 04.04.2020 жылғы қаулысымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап көлік басқару құқығынан айырылған және мас күйде көлік құралын басқарған тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілген (көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған болатын).