Алаяқ жазасын алды

09 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алаяқ жазасын алды - 1689954931

  БҚО Бөрлі ауданының прокуратурасымен ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау қамтамасыз етілді.

  Анықталғаны, 2017 жылдың мамырынан 2019 жылдың маусымы аралығында 1966 ж.т. С. есімді азамат облыстың тұрғындарына сыйақы үшін Ақсай қаласындағы шетелдік компанияларға еңбекақысы жоғары түрлі лауазымдарға жұмысқа орналастыра алатынын ұсынған.

  Алаяқ барлығы 11 азаматты алдап, олардың 9,2 млн. теңгесін иемденген.

  Мысалы, ол М. есімді азаматшаға баласын «КПО б.в.» компаниясының көлік бөліміне жұмысқа орналастырамын деп, а.ж. сәуірінде оның 1,4 млн. теңге ақшасын алған.

  Кейбір азаматтар осы мақсаттары үшін банктерден несие алған.

  Бөрлі аудандық сотының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі үкімімен С. ҚК-тің 190-бабымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленумен бірге 2 жылға бас бостандығы шектелді және 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды. Жаза тағайындалған кезде шын жүректен өкінуі, залалды ішінара өтеуі және соттылығының жоқтығы ескерілді.

  Жәбірленушілердің талап-арыздары толық қанағаттандырылды.

  Сот үкімі заңды күшіне енді.

  Жәбірленушінің сеніміне қиянат жасаумен немесе алдау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау - алаяқтық екенін түсіндіреміз.

  Ақшалай сыйақы үшін сіздің пайдаңызға белгілі бір қызмет түрін жасауға уәде берген тұлғалардан сақ болыңыз және мұндай адамдармен байланыспауға тырысыңыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу