Алиментті өндіру басты назарда

08 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алиментті өндіру басты назарда - 871244300

  БҚО Бөрлі ауданы прокуратурасымен атқарушылық құжаттардың орындалуына талдау жүргізіліп, алимент бойынша 12 млн. теңге берешегі бар 87 қасақана борышкер анықталып, оларға тиісті шаралар қабылданды.

  Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 аудан тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Шекарадан шығуға 53 борышкерге уақытша тыйым салынды.

  Сондай-ақ, 2019 жылғы 4 қарашада борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыспен қамту орталығында арнайы жәрмеңке өткізіліп, оған 20-дан астам мекеме өкілдері қатысты.

  Нәтижесінде 17 алименттен жалтарғандарға жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді.

  Осы жылы прокуратура мен сот орындаушылардың ұйымтастыруымен дәл осындай 2 жәрмеңке өткізіліп, 9 тұлға жұмысқа орналыстырылды.

  Мысалы, 1 млн. теңге қарызы бар борышкер Е. Бөрлі колледжіне жүргізуші ретінде, ал К. (берешек 2 миллионға жуық) Конденсат компаниясына күзетші-инспектор ретінде жұмысқа қабылданды.

  Ал 2015 жылдан бері алимент төлемей келе жатырған Б. есімді Ақсай қ. тұрғынына қатысты полициямен ҚК-нің 139-бабы 1-бөлігімен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

  Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басты назарында.

Алиментті өндіру басты назарда - 788700508

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу