БҚО прокуратурасы футболдан өткізілген турнирде 2 орын алды

20 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасы футболдан өткізілген турнирде 2 орын алды - 1581448236

  2019 жылғы 18 қыркүйекте орталық стадионда милиция полковнигі Карл Махамбетовті еске алуға арналған құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті.

  Қазақстанның Әнұраны орындалып, жарыс салтанатты түрде ашылған соң ПД, ҰҚКД, ҚАЖД, ТЖД, Ақтөбе қ. ТЖД, Ұлттық гвардия, 2029 ӘБ, Күзет, ЖПБ және Прокуратура командалары олимпиада жүйесінде бақ сынасты.

  1 айналым: ТЖД - ҚАЖД 0:1, Ақтөбе қ. ТЖД - ПД 1:1 (пенальти 2:0), Прокуратура - ҰҚКД 0:0 (пенальти 2:1), Күзет - 2029 ӘБ 2:0, Ұлттық гвардия - ЖПБ 0:0 (пенальти 3:2).

  2 айналым: ҚАЖД - Ақтөбе қ. ТЖД 0:3, Прокуратура - Күзет 1:0, Прокуратура - Ұлттық гвардия 2:1.

  3 орын үшін ойын: ҚАЖД - Ұлттық гвардия 0:0 (пенальти 5:3).

  Финал: Ақтөбе қ. ТЖД - Прокуратура 5:0.

  Нәтижесінде Ақтөбе қ. ТЖД құрамасы жеңімпаз атанса, БҚО прокуратурасы 2 орын алды, ал 3 орынды ҚАЖД иеленді.

  Үздік шабуылшы І. Қаиров (Прокуратура), үздік қорғаушы И. Амирхан (ҚАЖД) және С. Бондаренко (Ақтөбе қ. ТЖД) үздік қақпашы болып танылды.

  «Динамо» ҚБ БҚОФ ұйымдастыратын турнир 2014 жылдан бері өткізіл келеді.

БҚО прокуратурасы футболдан өткізілген турнирде 2 орын алды - 408201668

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу