Салық төлеуден жалтару анықталды

17 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Салық төлеуден жалтару анықталды  - 338642988

  БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына талдау кезінде жерді сатудан түскен табыстан салық төлеуді жалтарған фактілер анықталды.

  Мысалы, «Д» жеке кәсіпкері 2015-2018 жылдары жеке үй салуға арналған жер телімдерін сатып, 13 млн. теңгенің салығын төлемеген.

  Дәл осылай «М» атты ұйым барлығы 2 млн. теңге болатын салықты бюджетке төлемеген.

  Прокуратураның ұсынуымен аталған тұлғалар ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі (салықтық есептілікті айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау) және 278-бабы 1-бөлігімен (салықтарды кемiтiп көрсету) кінәлі деп танылып, оларға ескерту және 600 мың теңге айыппұл салынды.

  Тек шара қолданған соң «М» компаниясының басшысы салықты толық төледі.

  Дегенмен кәсіпкер «Д» сотта Мемлекеттік кірістер департаментінің қосымша салық салу туралы ұйғарымын шағымдады.

  2019 жылғы 6 маусымда БҚО МАЭС-тың шешімімен 2015 жыл үшін 4,1 млн. теңге табыс салығын салған ұйғарымның күшін жойды.

  13 тамызда облыстық соттың апелляциялық алқасымен талапкердің арызын қанағаттандырмау туралы жаңа шешім шығарылды.

  Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер басқармасымен Салық кодексінің 121-бабы негізінде 13 млн. теңгенің салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылдануда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу